$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

190 адамның өмірі қыл үстінде қалды: ұшқыштар кабинада пышақтасқан

Әу баста лаңкестер ұшақты басып алды деген дабыл қағылса, кейін израильдік БАҚ төтенше жағдай ұшқыштар арасындағы төбелестің туындауынан шыққанын мәлімдеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Flydubai ұшағында ұшқыштарының бірі әріптесін пышақпен жараланған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

FlyDubai ұшағында ұшқыштың бірі пышақ жарақатын алды. Жағдайды әуе кемесіндегі жолаушылар бақылауға алды, деп хабарлады i24news телеарнасы рейс жолаушыларының біріне сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, шабуылшыны залалсыздандырған израильдіктер жағдайды бақылауға алса, бортта болған медбике мен дәрігер ұшқышқа алғашқы көмек көрсетті. Жолаушы бортында өзгеде ұшқыштар болған. Олар лайнерді басқаруды қолға алып, ұшақты Сауд Арабиясына шұғыл жағдайда қондырған.

Еске салайық, бүгін таңертең FlyDubai ұшағы төтенше жағдай туралы сигнал беріп, біраз уақыттан кейін Сауд Арабиясына шұғыл қонды. Бортта 190-ға жуық жолашуы болса, олардың 27-сі бала болып шықты.

Әу баста лаңкестер ұшақты басып алды деген дабыл қағылса, кейін израильдік БАҚ төтенше жағдай ұшқыштар арасындағы төбелестің туындауынан шыққанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0