01.10.2026, 15:20

Қырғызстанда 4,9 балдық жер сілкінісі болды

Фото: Pixabay

Астана уақыты бойынша сағат 13:17-де тіркелген. 

Сейсмологтар бүгін Қырғызстанда жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 1 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 13:17-де (Гринвич уақытымен сағат 8:17) Қырғызстанда тіркелген.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 41,51 градус, шығыс бойлық бойынша 73,14 градус.

Магнитудасы mb = 4,9. Энергетикалық класы K = 11,2.