01.10.2026, 15:10

«Сот кабинетіне» кіре алмай жүр: заңгерлер Сот әкімшілігінен жүйені түзетуді талап етті

Фото: видеодан скрин

Қазақстандық заңгерлер жаңартылған «Сот кабинеті» порталындағы техникалық ақауларға байланысты ҚР Сот әкімшілігіне шағымданып отыр,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, жүйеге кіру қиындаған, сот істері мен материалдар ашылмайды, ал кей құжаттарды жүктеу және ЭЦҚ арқылы қол қою мүмкін болмай қалған. Соның салдарынан талап арыз, шағым және өтінішхаттарды сотқа уақытында жіберу қиындап, процессуалдық мерзімді өткізіп алу қаупі туындаған. Заңгерлер портал ресми түрде жұмыс істеп тұр деп көрсетілгенімен, іс жүзінде браузер ауыстырып, кэш тазалап, NCALayer-ді қайта орнатуға мәжбүр екенін айтады. Олар ҚР Сот әкімшілігінен «Сот кабинетінің» тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, техникалық ақауларды жедел жоюды және жүйе істемей қалған кезде құжат тапсырудың балама жолын енгізуді сұрады.к

Тегтер: сотжүйесі