$ 440.86 € 500.77 ₽ 5.27

Семейде жол азабын тартқан тұрғындар әкімдіктен жауап талап етті

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

 

Семей қаласына қарасты Связист кентінің тұрғындары жолдың нашар жағдайына шағымданып, жергілікті биліктен мәселені шешуді талап етті,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, олар бұған дейін де әкімдікке бірнеше рет өтініш пен шағым жолдаған, алайда жол мәселесі әлі шешілмеген. Елді мекендегі жолдардың қазіргі жағдайы көлікпен қатынауды қиындатып, халықтың күнделікті жүріп-тұруына кедергі келтіріп отыр. Тұрғындар Семей қаласы әкімдігінің өкілдері мен жауапты мамандардың кентке келіп, жолдарды өз көзімен тексеруін сұрайды. Сондай-ақ олар мәселенің қашан және қалай шешілетіні жөнінде нақты мерзімі көрсетілген ресми жауап күтетінін жеткізді. Әзірге тұрғындардың жол жөндеу туралы талабына қатысты әкімдіктің ресми жауабы жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0