04.10.2026, 22:40

Қорғаныс министрі Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімді тексерді (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр

Тексеру кезінде казармалардың жай-күйі мен бөлімнің инфрақұрылым жағдайына ерекше назар аударылды. 

Қорғаныс министрі Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Генерал-майор Айдос Мырзахметов қызметтің ұйымдастырылуымен және әскери қызметшілердің орналасу жағдайымен танысты.

Тексеру кезінде казармалардың жай-күйі мен бөлімнің инфрақұрылым жағдайына ерекше назар аударылды.

Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.