05.10.2026, 08:40

«Бизнес-класс» деп сатылған үйдің сылағы үгітіліп жатыр: Алматыда тұрғындар BI Group сапасына шағымданды

Фото: видео скриншот

Алматыдағы Arena City Life B тұрғын үй кешенінің тұрғындары BI Group салған үйдің сапасына наразы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, кешен бизнес-класс ретінде ұсынылғанымен, қоныстанғаннан кейін құрылыс пен әрлеуге қатысты бірқатар мәселе шыға бастаған. Тұрғындар баспалдақ алаңдарының қабырғалары үгітіліп, әрлеу сапасының көңіл көншітпейтінін көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, автотұрақ пен пәтерлердің ішкі жөндеуіне қатысты да шағым бар. Үй иелері нысанның қазіргі жағдайы пәтер сатып алар кезде уәде етілген деңгейге сай келмейді деп есептейді.

Енді тұрғындар бизнес-класс бағасына сатылған баспананың сапасына BI Group нақты жауап беріп, кемшіліктерді қашан түзететінін айтуды талап етіп отыр.