05.10.2026, 10:15

Азамат Есқараев Президент Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болды

Фото: Gov.kz

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат  Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

-Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.