Алматыдағы «Алтын Орда» базары маңында жаңбырдан кейін тағы да көп мөлшерде су жиналып, жаяу жүргіншілер жолдан өте алмай қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жерасты өткелінің маңындағы аумақты су басып, тұрғындар айналма жол іздеуге мәжбүр болған.
Көліктер де су толған жолмен әрең өтіп жатыр.
Жазба авторы бұл жерде жаңбыр суының ағатын жері жоқ екенін айтып, мәселенің жиі қайталанатынын көрсеткен.
Қалада нөсерден кейін осындай жағдайдың қайта-қайта болуы Алматы әкімдігінің су бұру жүйесіне қатысты жұмысын тағы да сұрақ астында қалдырады.
Тұрғындарға қолайсыздық тудырып отырған бұл учаскедегі мәселе қашан толық шешілетіні әзірге белгісіз.