$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

Қуандық Бишімбаевтің анасы бұрынғы келінін сотқа берді

Сот 66 мың 654 теңге мемлекеттік бажды және 666 мың 539 теңге өкіл қызметінің шығынын өндіруді міндеттеді.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова бұрынғы келіні Назым Қаһарманды сотқа берген. Ол өзіне тиесілі мүлікті жалға беруден түскен кірісті төлемеді деп, одан 14 миллион теңгеден астам қаражат өндіруді талап еткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аталған істі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қараған.

Сот материалдарына сәйкес, Нұрлыбековаға тиесілі нысан 2023 жылғы 1 қарашада Назым Қаһарманның «NazKa» жеке кәсіпкерлігіне сенімгерлік басқаруға берілген. Келісімшарттың мерзімі 2029 жылғы 31 қазанға дейін белгіленген.

Нұрлыбекованың мәліметінше, Қаһарман нысанды үшінші тұлғаларға жалға беріп, одан табыс алған. Алайда мүлік иесіне түскен кірісті аудармаған және жалға беруден түскен қаражат бойынша толық есеп бермеген.

Осыған байланысты Альмира Нұрлыбекова сотқа жүгініп, «NazKa» ЖК-нан 14 миллион 74 мың 771 теңге қарызды, сондай-ақ мемлекеттік баж бен өкіл қызметіне жұмсалған шығындарды өндіріп беруді сұраған.

Өз кезегінде Назым Қаһарман талап арызбен келіспейтінін айтып, оны толықтай қанағаттандырудан бас тартуды сұраған.

Сот істі қарап, Нұрлыбекованың талабын ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Нәтижесінде «NazKa» ЖК-нан оның пайдасына 6 миллион 665 мың 391 теңге өндірілетін болды.

Сонымен қатар сот 66 мың 654 теңге мемлекеттік бажды және 666 мың 539 теңге өкіл қызметінің шығынын өндіруді міндеттеді.

Ал Нұрлыбекованың қалған 7 миллион 409 мың 380 теңгені өндіріп алу туралы талабы қанағаттандырылмады.

Сот шешіміне сәйкес, тараптар апелляциялық шағым бере алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0