05.10.2026, 17:20

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Фото: ЖИ

Оқиға 5 қазанда Құлманов көшесі, 1Б мекенжайындағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің «Б» блогында болған.

Атырауда ішінде төрт адам болған лифт үшінші қабаттан құлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға 5 қазанда Құлманов көшесі, 1Б мекенжайындағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің «Б» блогында болған.

Жедел жәрдем бригадасы үш тұрғынды медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға жеткізді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Тағы бір адам медициналық көмектен бас тартқан.

Оқиға орнына Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов келіп, тұрғындармен және жауапты қызмет өкілдерімен кездесті.

Қала әкімі лифттің құлау себебін жедел анықтауды, сондай-ақ қаладағы лифтілердің техникалық жағдайын тексеріп, қауіпсіздік деңгейін бағалауды тапсырды.

Жағдай Атырау әкімінің жеке бақылауында.

Тегтер: лифт Атырау