Түнде жаңбыр суына толған шұңқырға бірнеше көлік түссе, таңертең дәл сол жерге автобус та кіріп кеткен.
Алматының Момышұлы көшесі мен Рысқұлов даңғылы маңындағы жол жұмыстары жүргізушілерді әбігерге салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпара порталы.
Бұл аумақта, алдын ала мәлімет бойынша, ЛРТ құрылысына байланысты траншея қазылғанымен, көлік қозғалысы толық тоқтатылмаған.
Түнде жаңбыр суына толған шұңқырға бірнеше көлік түссе, таңертең дәл сол жерге автобус та кіріп кеткен.
Жүргізушілер жолды өз күшімен ашуға тырысқандықтан, учаскеде үлкен кептеліс пайда болған.
Тұрғындар соның кесірінен жұмысқа, балалар мектепке кешіккенін айтып, жол қауіпсіздігі неге алдын ала қамтамасыз етілмегеніне наразы. Оқиғаға қатысты жауапты мекемелерден әзірге ресми түсініктеме берілгені көрсетілмеген