05.10.2026, 22:30

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы жанжалдан кейін оқушы көз жұмды

Фото: Pixabay

Оқиғаға қатысы бар жасөспірім ұсталды.

Жамбыл облысының Байзақ ауданында кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиғаға қатысы бар жасөспірім ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 3 қазан күні сағат 22:00 шамасында Байзақ ауылында болған. Кәмелетке толмағандар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 2011 жылы туған жасөспірім дене жарақатын алған. Кейін ол алған жарақаттарынан көз жұмған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында, — деп хабарлады полиция.