$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37

Астанада автотұрақта тұрған бес көлік түгі қалмай жанып кетті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астананың Сарайшық ауданында А. Байтұрсынұлы көшесіндегі тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жеткен. Олар келген кезде көліктер ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің салдарынан өрт бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған.

Өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Құтқарушылар қатты жел кезінде өрттің тез таралуы мүмкін екенін ескертеді. Өрт белгілері байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0