$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37

Бағдаршам істемей тұрған: Астанада жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты болғанын растады. 

Фото: el.kz
Фото: el.kz

Астанада Әуезов пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып, зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Куәгерлер жол апаты болған жерден түсірілген видеоны жариялаған.

Желі қолданушылары жол-көлік оқиғасына бағдаршамның жұмыс істемеуі себеп болуы мүмкін деген болжам айтқан.

"Алдын ала болжам бойынша, бұған жұмыс істемей тұрған бағдаршам себеп болуы мүмкін – ол жүргізушілер үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де жұмыс істемеген", – делінген Astanovka 98 қалалық паблигінің жарияланымында.

Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты болғанын растады.

"5 қазанда Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі Әуезов көшесімен келе жатып, Сейфуллин көшесімен қиылыста солға бұрылған кезде белгіленген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермей, оны қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр", – деді елордалық ПД өкілдері.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0