Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті.
2028 жылы әуе таксиінің коммерциялық сапарлары басталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті.
- Астана, Алматы және Қосшыда жүргізушісіз такси бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Алматыда дрон арқылы жеткізу қызметі пилоттық режимде іске қосылды. Астана мен Алатауда әуе таксиінің демонстрациялық әуе сапары өткізілді. Осындай аппараттарды пайдалану және қону инфрақұрылымын дамыту үшін заңнамаға өзгерістер енгізілді, - деді Ж.Мәдиев.
Сонымен қатар ол отандық дрон өндірісі дамып жатқанын айтты.
- 2027 жылы жүргізушісіз таксимен коммерциялық тасымалды бастау және дрон арқылы жеткізу ауқымын кеңейту жоспарланған. 2028 жылы әуе таксиінің коммерциялық сапарларын бастау көзделген. Әр кезеңдегі басымдық – қауіпсіздік пен инфрақұрылымның дайындығы, - деді министр.