$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37

«Бес ай бойы жауап жоқ»: журналист министрліктен неге жауап болмағанын сұрады

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 

Үкімет отырысында журналист министрлікке жолдаған сауалына бес ай бойы жауап ала алмағанын айтып, мәселені ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің алдына қойды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналист министрліктің ұзақ уақыт бойы не себепті жауап бермегенін сұрады. Коняшкин бұл мәселені министрліктің баспасөз қызметі бақылауға алатынын жеткізді. Ал министрлік өкілі сауалға неге жауап берілмегенін түсінбейтінін айтып, жауапты қызметкердің қазіргі уақытта ауырып отырғанын мәлімдеді. Ол журналистің сауалына тиісті жауап берілетінін айтты. Осылайша, бес айдан бері жауапсыз қалған сауалға министрлік енді жауап беруге уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0