Оқиға 5 қазан күні шамамен сағат 13:40-та ГАСТРО орталығы маңында болған.
Астанада Talan Towers кешенінің шатырынан құрылыс материалдары төменде тұрған автокөліктің үстіне құлап, көлікке айтарлықтай зақым келген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға 5 қазан күні шамамен сағат 13:40-та ГАСТРО орталығы маңында болған.
Көлік иесінің айтуынша, ол бірден полиция шақырып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген және материалдардың құлауы фото-видеоға тіркелген. Сол күні елордада қатты жел соғып, «Қазгидромет» дерегі бойынша жел екпіні секундына 23–28 метрге, кей жерлерде 30 метрге дейін жетуі мүмкін болған.
Оқиғадан кейін Talan Towers қызметкерлері құлаған құрылыс материалдарын жинауға кіріскен, ал көлік иесі сақтандыру компаниясы оқиға орнына келмегенін айтып, залалды полиция арқылы тіркеткен.
Оқиғаның мән-жайы мен келтірілген шығын көлемі әзірге нақтыланып жатыр.
Видео: HolaNews