$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37

Кореядағы жаппай төбелес: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

Полиция болжамы бойынша, жанжал Орталық Азия елдерінің тумалары арасында болуы мүмкін.

Фото: ЖИ
Фото: ЖИ

Оңтүстік Кореяның Пхёнтхэк қаласында Орталық Азиядан шыққан азаматтардың қатысуымен болған жаппай төбелеске байланысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқиға 3 қазан күні кешке балабақша мен мектептің маңындағы тұрғын ауданда орын алған. Полиция болжамы бойынша, жанжал Орталық Азия елдерінің тумалары арасында болуы мүмкін.

Куәгерлердің бірі төбелеске 40-қа жуық адам қатысқанын айтқанымен, полиция бейнебақылау камераларын зерттегеннен кейін шамамен 15 адамды анықтады. Жағдайдың күрделілігіне байланысты полиция әрекет етудің ең жоғары деңгейін жариялады.

Оқиға орнында шамамен 20 жастағы екі ер адам - Ресей мен Қырғызстан азаматтары ұсталды. Олар жарақат алып, жеке басы анықталғаннан кейін ем қабылдауға жіберілді. Қалған қатысушылар іздестіріліп жатыр, олардың азаматтығы мен елде болу мәртебесі тексерілуде.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, төбелес кезінде ағаш таяқтар мен бейсбол биталары қолданылған. Қазіргі уақытта қақтығыстың алдын ала жоспарланған-жоспарланбағаны және қатысушылардың өзара байланысы анықталып жатыр.

«24KZ» редакциясы мән-жайды анықтау үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне хабарласып, ресми түсініктеме сұратты. Ведомство мәліметінше, аталған оқиғаға Қазақстан азаматтарының қатысы жоқытығын растады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Пхёнтхэктегі жаппай төбелеске қатысушылардың ішінде жеке басы анықталғандар мен ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0