$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Шымкенттегі тойханада 13 жастағы бала көз жұмды

Бұған байланысты Шымкент полициясына сауал жолданған. 

Фото: sadaq.kz
Фото: sadaq.kz

Шымкенттегі «Алтын Мерос» мейрамханасына қатысты 2GIS қосымшасында пікір қалдырғандар бірнеше ай бұрын мекемеде 13 жастағы Мирас есімді жасөспірімнің көз жұмғанын жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары мейрамхана әкімшілігі заң талаптарын сақтамай жұмыс істейтінін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды ауыр жұмысқа тартатынын жазған.

«13 жастағы баламен болған қайғылы жағдай мекеме әкімшілігінің өз қызметкерлеріне немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Бәрін кездейсоқ жағдай деп түсіндіруге болар еді, алайда бейнебақылау камераларының болмауы бұл мекемеде қауіпсіздік талаптарының толық сақталмайтынын дәлелдейді. Егер олар кәмелетке толмаған балаларды жұмысқа ала отырып, жұмысын әрі қарай жалғастыра берсе, таңғалмаймын. Өйткені мұндай жерлерде дәл кәмелетке толмағандардан жұмысқа орналасуға сұраныс жоғары», – деп жазды пікір қалдырғандардың бірі.

Бұған байланысты Шымкент полициясына сауал жолданған. Полиция басқармасы 13 жастағы жасөспірімнің жүрегі тоқтап қалғанын мәлімдеді.

«Шымкент қаласындағы тойханалардың бірінде кәмелетке толмаған жасөспірімнің қайтыс болуына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Анықталғандай, жасөспірімнің өлімі ауруына байланысты болған», – деп мәлімдеді полиция.

Сонымен қатар полиция тексеру барысында еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталғанын хабарлады. Осыған байланысты тойхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0