$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

«Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Атырауда тұрғындар қаладағы жол мен тротуарға бөлінетін қаражаттың біркелкі жұмсалмай отырғанына наразы, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, Сәтбаев көшесінде ескі брусчатка алынып, орнына жаңасы төселіп жатыр, ал басқа аудандарда қарапайым жаяу жүргінші жолы да жоқ.

Мәселен, қала орталығындағы бір аумақта жаңа мектеп салынғанымен, оған баратын тротуар қарастырылмаған.

Тұрғындар балалар мен жаяу жүргіншілердің жол жиегімен жүруге мәжбүр екенін айтып отыр.

Олар жаңа қала әкімі Данияр Тархановтан қаражаттың неге бір көшеге көбірек жұмсалып, басқа аумақтардың назардан тыс қалып отырғанын түсіндіруді сұрайды.

Атырау облысын Болат Ақшолақов басқарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0