$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

Алматыда мас жүргізуші 4 жасөспірімді қағып кетті

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Алматы облысының Көксай ауылында жол талғамайтын көлік төрт жасөспірімді қағып кетті. Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы көлік кептелісі болған учаскеде тіркелген. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі көліктердің шоғырын айналып өтпек болған. Алайда маневр жасау кезінде жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.

Соқтығысудан кейін жүргізуші тоқтамай, қозғалысын жалғастырған. Көлік тротуарға шығып кетіп, сол жерде тұрған төрт жасөспірімді қағып кеткен.

Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала дене жарақатын алған. Қалған жасөспірімдер де оқиғадан қатты қорыққан. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық.

Полиция жүргізушінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар полиция жүргізушінің жол апаты кезінде алкогольдік масаң күйде болған-болмағанын тексеріп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0