$ 448.94 € 502.05 ₽ 5.26

Қазақстанның Халық әртісі, композитор Бақир Баяхунов өмірден өтті

Бақир Яхияұлы бар ғұмырын музыка өнеріне арнап, отандық композиторлық мектептің дамуына елеулі үлес қосты.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі, профессор Бақир Яхияұлы Баяхуновтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бақир Яхияұлы бар ғұмырын музыка өнеріне арнап, отандық композиторлық мектептің дамуына елеулі үлес қосты. Қазақтың музыкалық мұрасын, Шығыс халықтарының әуен-сазын еуропалық академиялық музыка дәстүрімен шебер ұштастырған туындылары еліміздің рухани қазынасын байытты.

Ұлағатты ұстаз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қырық жылдан астам еңбек етіп, бірнеше буын кәсіби музыкант тәрбиеледі. Ол шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, өнердің қадір-қасиетін ұғындырып, шығармашылық жолда бағыт-бағдар көрсетті.

Бақир Яхияұлының бай шығармашылық мұрасы, ұстаздық өнегесі мен жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0