Астана қалалық Полиция департаменті қайғылы жол апаты болғанын растады.
Астанада жүргізуші жол апатынан көз жұмды. Көлігіндегі техникалық ақауға байланысты тоқтаған ер адамды басқа автокөлік қағып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қайғылы оқиға 5 қазанда Қошқарбаев пен Орхон көшелерінің қиылысында болған. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 9 қазанда тарады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі техникалық ақауға байланысты тоқтаған. Сол сәтте ер адам көлігінің жүк салғышы маңында тұрған. Осы кезде оны Hyundai Tucson автокөлігі қағып кеткен. Алған жарақаттарынан Volkswagen Passat жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Астана қалалық Полиция департаменті қайғылы жол апаты болғанын растады.
«Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесімен келе жатып, Орхон көшесінің қиылысында Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісін қағып кетті», – деп хабарлады полиция.
Оқиға фактісі бойынша қылмыстық тергеу басталды.
«Қылмыстық іс қозғалды. Hyundai Tucson автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Тексеріс жүргізіліп жатыр», – деп толықтырды ПД өкілдері.