10.10.2026, 22:30

Кондиционер орнатқан: Астанада 15-қабатта құлаған жігіт аман қалды

Фото: видео скриншот

Астанада құтқарушылар ер адамды 50 метрге жуық биіктіктен құтқарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Есіл ауданындағы Сауран көшесінде тұрғын үй кешенінің 15-қабатында кондиционер орнату кезінде жұмысшы құлап кетіп, қауіпті жағдайда қалған. Ол кондиционердің кронштейнінен ұстап тұрып қалған.

— Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері автосатының көмегімен 1990 жылы туған ер адамды қауіпсіз жерге түсірді, — делінген хабарламада.

Министрлік биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажет екенін ескертті.