$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Астанада үш баланың өмірін қиған өрттің себебі белгілі болды

Осылайша, қайғылы оқиғаның себептері жөніндегі тергеу қорытындысы шамамен жарты жылдан кейін жарияланды. 

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Астанада үш баланың өмірін қиған «Көркем-3» тұрғын үй кешеніндегі өрттің шығу себебі белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиғаға балалардың отпен ойнауы себеп болған,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаевтың айтуынша, өрт пәтердің ішінде тұтанған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тоқтатылған.

«Өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған. Өрт ошағы пәтердің ішінде болған», – деді Руслан Қайрақбаев.

Осылайша, қайғылы оқиғаның себептері жөніндегі тергеу қорытындысы шамамен жарты жылдан кейін жарияланды.

Еске салайық, 2026 жылғы 12 сәуірде Астананың Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан «Көркем» тұрғын үй кешенінде өрт шыққан. 21 қабатты ғимараттағы пәтерден үш баланың мәйіті табылған.

Көршілердің айтуынша, өрт түнгі сағат бір шамасында басталған. Балалар өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін көз жұмған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0