11.10.2026, 11:30

Ұлытау облысында битум өртеніп, өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыды (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр

Бұл туралы 2026 жылы 11 қазанда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы асфальт зауытының аумағында битум жанды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы 2026 жылы 11 қазанда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Оқиға орнына жеткен ТЖМ алғашқы бөлімшелері зауыт аумағындағы шұңқырда 50 шаршы метр аумақта битумның жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіру үшін өрт оқпандары берілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жану толығымен сөндірілді".

Зардап шеккендер жоқ.