$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: caravan.kz
Фото: caravan.kz

Шымкентте әнші Қайрат Нұртастың концерті кезінде 18 жастағы қыздың жарақат алуына байланысты қылмыстық іс тіркелді. Полиция концертті ұйымдастырушылардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт барысында қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Адамдардың көп жиналуына байланысты келушілердің бірі зардап шекті. Қыз медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында», – делінген полиция хабарламасында.

Оқиғадан кейін концертті ұйымдастырушылар полицияға жеткізілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Ұйымдастырушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0