$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын қарсы алды

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды.

Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін Король мен Патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.

Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0