12.10.2026, 09:20

Астанадағы 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Фото: видео скриншот

Өрт 27 погон метр аумақта сөндірілді.

Астананың Сарайшық ауданындағы А-52 көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ғимараттың бірінші қабатынан тоғызыншы қабатына дейінгі кабель шахтасында электр кабелі жанған.

— Авариялық-құтқару жұмыстары кезінде баспалдақ арқылы үш адам, оның ішінде бір бала құтқарылды. Өрт 27 погон метр аумақта сөндірілді. Жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

ТЖМ өкілдері өрт белгілері байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет екенін еске салды.

— Өрт кезінде лифтіні пайдаланбаңыз және құтқарушылардың нұсқауларын орындаңыз, — деп ескертті ведомство.