12.10.2026, 17:00

Белгілі ақын Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Фото: adebiportal.kz

Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлім етті.

Белгілі ақын Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарта порталы. 

Жанна Елеусіз — қазақ поэзиясында өзіндік сыршыл қолтаңбасы бар, лирик ақын және журналист. 1970 жылы 22 қарашада дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Әдеби ортада өзін көп көрсетпейтін, жұмбақ әрі тұйық мінезімен танымал ақынның «Мен сүйетін дүние» және «Тіршілік трилогиясы» атты жыр жинақтары жарық көрген.

Оның терең философиялық, мұңды және нәзік иірімдерге толы өлеңдері оқырман қауым мен әдебиетшілер тарапынан «ақсүйек поэзия» деп жоғары бағаланған.

Sn.kz ақпарат порталы марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады.