Алдын ала мәлімет бойынша, 35 жастағы ер адам өндірістік жабдықты тазалау кезінде ауыр жарақат алған.
Жұмысшы қамыр илейтін құрылғыны тазалап жатқанда оның қозғалып тұрған қалақтарының астына түсіп кеткен. Алған жарақатынан ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті "Сұлтан" макарон фабрикасында жұмысшының қаза тапқанын растады.
Ведомство мәліметінше, оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"12 қазанда Петропавл қаласындағы Еңбек өткелінде орналасқан өндіріс орындарының бірінде, алдын ала мәлімет бойынша, жазатайым оқиға болған. Өндірістік қондырғының ішіне құлау салдарынан кәсіпорынның 35 жастағы жұмысшысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады полиция департаменті.