Әлеуметтік желіде тараған видеодан көшенің бір бөлігін су басып, көліктердің өтуіне кедергі келтіргенін көруге болады.
Көкшетауда жаңбырдан кейін жолға жиналған су тұрғындардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан көшенің бір бөлігін су басып, көліктердің өтуіне кедергі келтіргенін көруге болады. Желі қолданушылары бұл аумақта жаңбыр жауған сайын осындай жағдай қайталанатынын жазған.
Тұрғындар жолдағы судың жиналуына және оны ағызу мәселесінің шешілмеуіне қатысты сұрақ көтеріп отыр.
Ал қалалық әкімдіктің аталған көшедегі жағдайға байланысты қандай шара қабылдайтыны әзірге белгісіз. Көкшетаулықтар көшедегі су мәселесі қашан шешіліп, жол қашан ретке келтірілетінін білгісі келеді.
Видео: @diasnurmagambetov