13.10.2026, 07:30

Елдің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

Фото: Pixabay

15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Қазгидромет 13–15 қазанға арналған ел аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауады. 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда нөсер жауын (жаңбыр, қар) болады. 

15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Ауа температурасының төмендеуі еліміздің басым бөлігінде болжанады:

Солтүстік-батыста: күндіз +10…+22°С;

Солтүстікте: түнде -1…-6°С, күндіз +3…+13°С;

Орталықта: түнде -6…+3°С, күндіз +4…+15°С;

Шығыста: түнде -5…+5°С, күндіз -1…+9°С;

Оңтүстік-шығыста: түнде +5…+10°С, таулы аудандарда -2…+3°С, күндіз +10…+22°С, таулы аудандарда +5…+10°С.