13.10.2026, 09:20

Бүгін қазақтың көрнекті режиссері Асқар Тоқпановтың туған күні (ВИДЕО)

Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Халықтар достығы» орденімен және медальдармен марапатталған. 

Қазақ режиссері, педагог, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар (Әлиасқар) ТОҚПАНОВТЫҢ туған күні, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

1915 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) және Мемлекеттік театр өнері институтын бітірген.

1939-1944 жылдары және 1948-1951 жылдары Қазақ драма театрында қоюшы режиссер болып қызмет атқарған. Театр сахнасында М. Әуезов пен Л.Соболевтің сценарийлері бойынша «Абай», Ш.Құсайыновтың «Марабай», М.Әуезовтің «Сын сағатта» және «Еңлік-Кебек», С.Мұқановтың «Жеңіс жыры», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», А.П.Штейннің «Намыс соты» және басқа да спектакльдерді сахналаған. Кейін Балалар мен жасөспірімдер театрында, Қарағанды, Атырау және Жамбыл драма театрларында көркемдік жетекші әрі қоюшы режиссер қызметтерін атқарған. Режиссерлік және спектакль қоюмен қатар, бірқатар қойылымдарда басты рөлдерді сомдаған.

Сахна өнерінің мәселелеріне арналған әдеби-сын және зерттеу мақалаларын жазған. Г. Ибсен, А. Островский, А. Чехов, А.Ф. Софронов және М. Горький шығармаларын қазақ тіліне аударған. Педагогикалық қызметке де ерекше көңіл бөлген. 1939-1944 жылдары Алматы театр училищесінде және Алматы өнер институтында (қазіргі Алматы театр-көркемсурет институты) сабақ берген. 1955-1963 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. 1975 жылдан бастап профессор болған.

Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Халықтар достығы» орденімен және медальдармен марапатталған.