13.10.2026, 10:20

Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласында 35 жастағы әйелді пышақтап кетті

Фото: видео скриншот

28 жастағы тұрғынын анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. 

Ақтөбеде қызбен жанжалдасып қалған ер адам оған пышақ жарақатын салды. Бойжеткен жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

“Криминальный Казахстан” Telegram арнасының мәліметінше, оқиға 10 қазан күні сағат 22:30 шамасында Ақтөбе қаласындағы Сәтбаев көшесінде болған. 

“Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бен оның танысы арасында жанжал туындаған. Жанжал барысында ер адам қызға пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды”, – делінген хабарламада.

Ақтөбе қаласының полиция дерпартаменті іске күдікті деп 28 жастағы Атыраулық ер адамды ұстады. 

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы тұрғынын анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті мен марқұм әйел бұрын таныс болған. Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстың себептері анықталуда”, – делінген хабарламада.