$ 451.31 € 504.56 ₽ 5.36

Қостанай облысында КамАЗ бен екі мотоцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы 12 қазан күні кешкі уақытта Семин көшесінде болған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қостанай облысының Тобыл қаласында КамАЗ бен екі мотоцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасы 12 қазан күні кешкі уақытта Семин көшесінде болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жүк көлігінің жүргізушісі солға бұрылған кезде екі мотоциклмен соқтығысқан. Апат болған сәт түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің бірі жедел жәрдем жеткенге дейін көз жұмған. Екінші адам медициналық мекемеге жеткізілген.

«Жол апаты салдарынан бір адам жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Тағы бір зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазір құқық қорғау органдары апаттың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолда мұқият болуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0