13.10.2026, 12:40

Павлодарда мотоцикл мінген жас жігіт жылқымен соқтығысып, көз жұмды

Фото: life09.kz

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына шақырту сағат 23:20-да түскен. 

Павлодар облысында мотоцикл тізгіндеген 18 жастағы жігіт жолда жылқымен соқтығысып, көз жұмды. Қайғылы оқиға 10 қазанға қараған түні Ольгинка ауылына кіреберісте болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына шақырту сағат 23:20-да түскен. Дәрігерлер оқиға орнына тоғыз минуттан кейін жеткенімен, жас жігіт алған жарақатынан сол жерде қайтыс болған.

Павлодар облысының Полиция департаменті «Ольгинка – Ямышево» автожолында Sycmcc маркалы мотоциклдің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Сонымен қатар жылқының иесі ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.