Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Қазақстанның Аустрия мен Пәкістандағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды; Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.