$ 451.31 € 504.56 ₽ 5.36

Жаркентте атыс болып, 33 жастағы ер адам жарақат алды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұған дейін таныс болған ер адамдар арасында жанжал шыққан.

фото: depositphotos.com
фото: depositphotos.com

Жетісу облысының Жаркент қаласында адам өлтіруге оқталу және бұзақылық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалып, екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұған дейін таныс болған ер адамдар арасында жанжал шыққан.

Оның барысында қатысушылардың бірі атыс қаруын қолданған. Оқ тиіп жараланған 33 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Тергеу барысында полиция оқиға кезінде қолданылған болуы мүмкін қаруды тәркілеген. Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әлеуметтік желілерде қару мемлекеттік органдармен байланысты адамға тиесілі деген ақпарат тараған.

Алайда полиция бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ведомство жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын еске салды.

Құқықбұзушылықтың мән-жайы мен құқықтық саралануына қарай, кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қылмыстық істің тергелуін Жетісу облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0