Ал жүргізушінің ісі кеше, 13 қазанда қаралған.
Астана қаласының әкімшілік соты inDrive жүргізушісін 10 күнге қамады. Ол таксиге мінген бойжеткенге әдепсіз қылық көрсетіп, интим ұсынған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Астанада такси жүргізушісі жолаушы бойжеткенге интимдік сипаттағы ұсыныстар жасап, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы елорда соттарының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 11 қазан күні таңғы сағат 07:00 шамасында болған. Бойжеткен inDrive қосымшасы арқылы такси шақырған. Алайда келген жүргізуші оған әдепсіз әрекеттер жасап, интимдік сипаттағы ұсыныстар айтқан.
«Жүргізуші осылайша айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған», – деп мәлімдеді Астана соттары.
Іс 13 қазанда қаралған. Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін мойындаған. Сондай-ақ сот мәліметінше, оның бұған дейін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталмаған.
Сот шешімімен такси жүргізушісі 10 тәулікке қамауға алынды.