14.10.2026, 23:30

Ақмолада 68 жастағы балықшы қаза тапты

Фото: newsroom.kz

Оқиға туралы ақпарат 13 қазанда түскен. 

Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулауға барған 68 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесі Никольское ауылы маңындағы Жарлыкөл көлінен табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға туралы ақпарат 13 қазанда түскен. Алдын ала мәліметке сәйкес, 1958 жылы туған ер адам балық аулауға шығып, қайта оралмаған.

Іздестіру жұмыстары кезінде жағадан шамамен 100 метр қашықтықтағы қамыс арасынан резеңке қайық табылды. Ал 14 қазан күні таңертең құтқарушылар ер адамның денесін судан алып шықты.

Іздеу шараларына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Осыған байланысты құтқарушылар балықшыларды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға және қайықпен жүзген кезде құтқару кеудешесін міндетті түрде киюге шақырды.