Марқұмның мәйітін қара пакетке орап, Қытайға тастап кетті.
Ресейдің Екатеринбург қаласынан Вьетнамның Нячанг қаласына шыққан ұшақта жолаушы көз жұмды. Бұл туралы Sn.kz ақпарат агенттігі e1.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға «Аэрофлот» әуе компаниясының SU-836 рейсінде болды. Ұшақ әуеге көтерілген соң үш сағаттан кейін Қытайға қонуға мәжбүр болды. Ал осы аралықта бортта жағдайы нашарлаған жолаушының жантәсілім еткені белгілі болды.
«Пилоттың Қытайға шұғыл жағдайда қонатыны жайлы хабардан соң ояндық. Борттағы жолаушылардың біріне медициналық көмек қажет болыпты. Ұшақта үш сағат бойы ер адамның мәйіті бізбен бірге ұшып келген екен. Аузынан ақ көбік ақты. Оған көмек көрсетуге тырысқанмен, есін жимастан қайтыс болды. Бұл сұмдық! Ол демалысқа жалғыз өзі ұшып бара жатқан екен. Оның өліміне бұрынғы реабилитологты айыптап жатыр. Ол жауапкершілікті өз мойнына алып, ер адамға екінші адреналин салған көрінеді, ал ол қайтыс болып кетті», – дейді ұшақтағы жолаушылардың бірі.
Марқұмның мәйітін қара пакетке орап, Қытайға тастап кетті.