14.10.2026, 17:40

Алматы облысында жанжал кезінде оқ атқандар ұсталды

Фото: depositphotos.com

Оқиға туралы видео әлеуметтік желілерде тарады. Жазба авторының айтуынша, үш ер адам бір адамға шабуыл жасап, көлікке оқ атқан.

Алматы облысының Қосөзен ауылында 14 қазанда үш ер адам бір адамға шабуыл жасап, көлікке пневматикалық қарудан оқ атқан. Жанжалға қатысқандардың барлығы ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға туралы видео әлеуметтік желілерде тарады. Жазба авторының айтуынша, үш ер адам бір адамға шабуыл жасап, көлікке оқ атқан.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғадан кейін бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жанжалға қатысқандар бірнеше сағат ішінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға бермек. Полиция тергеу мүддесіне байланысты әзірге өзге ақпаратты жарияламайтынын хабарлады.