14.10.2026, 17:10

Аялдама орнатамыз деп ағаштарды бүлдірген: Алматы тұрғындары шенеуніктердің жұмысына шағымданды

Фото: Видеодан алынған кадр

Аудан әкімдігі бұл жерде аялдамаларға жаңа ақпараттық табло орнату үшін кабель тартылып жатқанын түсіндірді.

Алматыда аялдамаға қатысты жүргізілген жұмыстар кезінде ағаштардың тамыры зақымдалып, тұрғындардың наразылығын тудырды. Оқиға Құрманғазы көшесінде болған. Желіде тараған видеода жұмысшылар ағаштардың түбінен ор қазып, тамырларын кесіп тастағаны айтылған.

Аудан әкімдігі бұл жерде аялдамаларға жаңа ақпараттық табло орнату үшін кабель тартылып жатқанын түсіндірді. Әкімдік өкілдері қазу жұмыстары кезінде заңбұзушылықтар анықталғанын растап, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

Алайда тұрғындардың шағымынан кейін ғана анықталған бұл жағдай қаладағы көгалдандыру жұмыстарының қаншалықты қадағаланатынына қатысты сұрақ туғызды.