14.10.2026, 22:30

Алматыда тамақтан уланған оқушылар саны артты: ауруханаға тағы үш бала түсті

Фото: aikyn.kz

Олардың барлығы медициналық бақылауда.

Алматыдағы физика-математика мектебінің оқушылары тамақтан уланып, ауруханаға түсті. Депутат әрі бұрынғы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева медициналық мекемеге барып, балалардың жағдайымен танысты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Динара Зәкиеваның айтуынша, ауруханаға жаңадан тағы үш оқушы жеткізілген. Уланған балалардың барлығы еліміздің әр өңірінен келген және мектеп жатақханасында тұрып оқиды.

«Алматы қаласында тамақтан уланып, ауруханаға түскен балалардың көңілін сұрадым. 43-і ұл бала, бесеуі қыз бала. Жаңа ғана тағы үш баланы әкелді», – деп жазды Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Депутаттың мәліметінше, қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты. Олардың барлығы медициналық бақылауда.