15.10.2026, 09:10

Павлодарда көпір астынан су сарқырап ағып жатыр: коммуналдық қызмет қайда қарап отыр?

Коллаж: Sn.kz

Павлодарда Торайғыров пен Назарбаев көшелері маңындағы көпір астынан су қатты қысыммен атқылап, жұртты алаңдатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан судың жоғарыдан сарқырап құйылып, жерге жайылып жатқанын көруге болады. Қала тұрғыны бұл жағдайды видеоға түсіріп, коммуналдық қызмет өкілдерінен шұғыл шара қабылдауды талап етті. Алайда желі қолданушыларының бірі кешкі сағат 21:30-да да судың тоқтамағанын жазған. Осы тұста қаладағы инженерлік желілердің жағдайы мен коммуналдық қызметтің жұмысына қатысты сұрақ туындайды. Судың нақты қайдан ағып жатқаны, ақаудың себебі және оны жою үшін қандай шара қабылданғаны әзірге белгісіз.