15.10.2026, 11:40

Батыс Қазақстанда мотоцикл аударылып, ер адам көз жұмды

Фото: Алматы әкімдігі

Оқиға 13 қазан күні шамамен сағат 18.40-та Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолының 142-шақырымында болды. 

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 қазан күні шамамен сағат 18.40-та Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолының 142-шақырымында болды. 

Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші SONLINK мотоциклін мотодулығасыз айдаған. Содан Мәстексай ауылына бара жатқан жолда рөлге ие бола алмай, мотоцикл аударылған.

— Ер адам алған жарақаттары салдарынан медициналық мекемеде көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодесінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, — деп хабарлады ведомстводан.