$ 450.62 € 504.2 ₽ 5.36

Жазушы Нұриддин Шәмшіұлы өмірден өтті

Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Фото:  Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі
Фото: Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүриддин Шәмшіұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлім етті.

Нұриддин Шәмшіұлы 1949 жылы 8 сәуірде Түркістан облысы Ордабасы ауданында дүниеге келген.

1966 жылы Темірлан ауылындағы Амангелді атындағы орта мектепті тәмамдап, сол жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түскен. Жоғары оқу орнын 1970 жылы аяқтаған.

Ол «Ордабасы оттары» газетінің редакторы ретінде ауданның қоғамдық, рухани және мәдени өміріне қатысты мақалалар жазып, өңірдің дамуына өз үлесін қосып келді.

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері атанған.

Сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 және 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен, 2021 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0