Оқиға 14 қазанда Қазақстанның Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу бекетінде болған.
Ресейлік рэпер Наваи Бакиров, көпшілікке Navai есімімен танымал орындаушы, есірткі контрабандасына күдікпен екі айға қамауға алынды. Тиісті шешімді Жамбыл облысы Қордай ауданының соты шығарды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Sputnik Қырғызстанның мәліметінше, Қырғызстанның Шекара қызметі әншінің есірткі заттарымен қазақ-қырғыз шекарасындағы «Ақжол» өткізу пунктінен қалай өткені туралы мән-жайды тексеріп жатыр. Ведомство қызметкерлердің тарапынан заңбұзушылық анықталса, кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
«Тексеру нәтижесі бойынша заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қолданылады», – деп хабарлады Қырғызстанның Шекара қызметі.
Оқиға 14 қазанда Қазақстанның Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу бекетінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ресейлік орындаушы есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталған. Оның автокөлігінен 2,5 грамм марихуана табылған.