15.10.2026, 15:40

Астанада ер адам бойжеткенді аңдып, бөксесінен ұрған (ВИДЕО)

Фото: Видео скриншот

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Видеоға назар аударсақ, қыз баланың жылдам жүріп бара жатқанына қарамастан, ізінен аңдып бара жатқанын байқауға болады.

Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде бойжеткеннен арыз түскенін мәлімдеді.

«Оқиға тіркелді. Полиция көшеде әйелдің соңынан еріп, ғимаратқа кіріп бара жатқан сәтінде әдепсіз іс жасаған ер адамды анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр, ер адам заңға сәйкес жауапқа тартылады», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.